қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
06.12.2018

ҚазҰПУ студенттерінің Алматы гарнизонының әскери прокурорымен кездесуі


2018 жылы 5 желтоқсанында ректор Такир Балықбаевтың шақыруы бойынша, Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Саткен Тілекжан, прокурор көмекшісі әділет капитаны Саян Акиров Тарих және құқық институтының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.


Кездесу барысында қонақтар арасында сындарлы сұхбат орын алды, осы іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев, «Заңгер» студенттер үйірмесінің жетекшісі Гүлжазира Мейірбекова ат салысты.

 

Кездесуде Алматы гарнизонының әскери прокуроры мемлекеттің дамуындағы жастардың рөлін, өздерін жетілдіру үшін қазіргі жасалып жатқан жағдайлар мен мүмкіндіктерін айта отырып, қол жеткізген білім деңгейі мен университет қабырғасында алынған жеке және тәжірибелік ілімдердің болашақта жұмысқа орналасуына және мансаптық өсуіне ықпал ететіндігін сөз етті.

 

Сонымен қатар, студенттерді прокуратура органына қызметке қабылдау тәртібімен және қызметке қабылдау талаптарымен, прокурорлық қадағалау ерекшеліктері туралы таныстыра отырып, прокуратура органдары жұмыстарындағы өзі жинақтаған жеке тәжірибесімен бөлісіп, Саткен Тілекжан еліміздің алдынғы қатарлы ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қойған барлық сұрақтарға жауап берді.

 

Кездесу соңында Алматы гарнизонының әскери прокуроры студенттерге оқуда жетістікке жетулерін, оқытушыларға ғылыми және оқытушылық қызметте жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруларын тіледі, сонымен қатар, студенттерді Әскери прокуратура органында оқу-танысу және өндірістік тәжірибе өтуге шақырды.

 

   

 




Кері оралу