қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
12.07.2018

ҚазҰПУ-да түлектер бас қосты

 

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 90 жылдық мерейтойы аясында «Түлектер күні» аталып өтті. Бұл күні унивитерсеттің 50 жылдығы кезінде (1978 ж.) Тарих факультетін тәмамдаған экс-студенттер бас қосты. ҚазҰПУ-да маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде елімізге еңбектері сіңген, ғалымдар қатарында. Салтанатты шарада түлектерді алдымен оқу орнынының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, университет мұражайын аралаудан бастады.


Кездесудің ресми бөлімінде Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов түлектер күні өте маңызды мейрам, шоқтығы биік шара екендігін айтып, университеттің 90 жылдық тарихына тоқталды. Халықаралық тәжірибеде, түлектерді университеттің дамуына мықты күш ретінде тартады. Сол негізде биылға жылы университетімізде «Бітірушілер ассоцациясы» құрылғандығын айтып, біз де сол үрдісті өз тәжірибемізге енгізіп, болашақты бірге қалауда сол дәстүрді қолға алып келе жатқанын атап өтті.

 

Университет басшылығы қарашаңырақта әріптестік байланыс орнатып, университет бітіргендеріне 40 жыл толған түлектеріне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мерекелік медалін табыс етті.

 

Түлектер өз кезегінде өмірде жолдарын тауып, мансап құруларына ҚазҰПУ табалдырығында алған білімнің зор пайдасы тигенін айтты. Сонымен қатар, беделді білім ордасынан алған ілім-білімге алғыстарын жеткізіп, университет қабырғасына талапкерлер тартуға атсалысып, «ҚазҰПУ Түлегі» атағын биік ұстап, мақтан тұтатындықтарын айтты.

 

ҚазҰПУ әрқашанда өз түлектерімен мақтанады.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 




Кері оралу