қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
21.02.2014

           «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ
                                      ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫ

          «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

                                                               АҚПАРАТТТЫҚ ХАТ

16 мамыр 2014 жылы мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасы әлемге аты танылған ғалым-заңгер Ғ.С.Сапарғалиевке арналған «Сапарғалиев оқулары: «Қазақстан-2050» Стратегиясы тұрғысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қалыптасудағы мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша өзекті ғылыми мәселелерді талқылау жоспарлануда:
1. Қазақстанда конститутциолизмнің даму мәселелері.
2. Жеке құқықтың даму тенденциясы мен келешегі.
3. Қылмыстық істерді жүргізу заңнамаларын жетілдірудегі мәселелер.
4. Қазақ қоғамын демократиялау кезеңіндегі білім мен ғылымдағы өзекті мәселелер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу туралы өтінішті және мақаланы 2014 жылдың 10 сәуіріне дейін, тіркелген нысан бойынша электрондық поштаға немесе ұйымдастыру комитетінің мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.
Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Белгіленген мерзімнен кеш түскен немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар баспада жарияланбайды. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың мазмұнына, қатесіз жазылуына жауапты болып табылмайды.

Баяндаманы (мақаланы) рәсімдеуге қойылатын талаптар: формат - А4, мақала көлемі - 6 беттен аспау керек, редакторы: Windows-қа арналған MS Word, қаріп Times New Roman, кегль 14, жол аралығы - 1,0 интервал, жиектері: жоғарғы, төменгі - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1см. Жоғарғы жағында - бас әріптермен мақала тақырыбы (ортада, жуан шрифтпен); 1 интервалдан кейін - баяндама авторының аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, ұйымның аты, қаласы; 2 интервалдан кейін - мақала мәтіні; 1 интервалдан кейін - пайдаланылған әдебиеттер тізімі (12 кегль) және екі тілде жазылған резюме (конференция жұмысы өтетін тілде). Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде тік жақшаларда көрсетіледі.
Толық ақпарат Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің сайтында көрсетілген.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 56б., Веб-сайт: www.kaznpu.kz; E-mail: tgp.kaznpu@mail.ru
Оспангазиева Акерке Жанатовна, тел. +7 771 451 52 33


Ұйымдастыру комитеті

Өтінім
«Сапарғалиев оқулары: «Қазақстан-2050» Стратегиясы тұрғысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қалыптасудағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыдан

Аты-жөні
Ұйым (толық аты)
Мемлекет, қала
Қызметі
Ғылыми дәрежесі/Ғылыми атағы
Мекен-жайы (пошталық индекспен бірге)
Байланыс телефоны (қалааралық код)
Электрондық пошта (e-mail)
Баяндама аты (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Секция атауы
Конференцияға қатысу формасы (конференцияға келіп қатысу, сырттай)
*Ескерту: конференцияға келіп қатысқан жағдайда сертификат беріледі

 

 




Кері оралу