қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
09.12.2013

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: «АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ДӘРІС

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, п.ғ.д., профессор С.Ж.Пірәлиевтің келісімі негізінде Құқық және экономика институтының ұйымдастыруымен Бас ғимараттың кіші конференция залында 2013 жылдың қараша айының 18 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Азаматтардың құқығын қорғау мәселелері» атты тақырыпта дәріс өткізілді. Дәріске институт профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, қойған сұрақтарының жауабын қанағаттанарлықтай қабылдады.

Дәріс барысында арнайы шақырылған келесі ғалымдар з.ғ.д., профессор - Бусурманов Жумабек Дуйсешович, з.ғ.д., профессор - Нургалиева Енилик Нургалиевна, з.ғ.д., профессор - Абайдельдинов Ербол Мусимович, з.ғ.д., профессор - Тлепина Шолпан Валерьевна, з.ғ.к., доцент - Орманова Шолпан Шерхановна  баяндама жасады.

 




Кері оралу