қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
24.11.2017

ПРЕЗИДЕНТ - ҒАСЫР АДАМЫ

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Мәңгілік елдің тірегі - Елбасы» атты атты апталық аясында Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы және студенттері мен магистранттары арасында «ПРЕЗИДЕНТ - ҒАСЫР АДАМЫ» тақырыбында Елбасының еңбегін кеңінен насихаттау мақсатында Тарих және құқық институтында 2017 жылдың 23 қарашасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында Елбасының еңбектері жан-жақты насихатталып, әлем таныған Қазақстанның жетістіктері туралы айтылды. Іс-шара жұмыстарына институт директоры, директор орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студент жастар қатысты. Тәрбие сағатын институт директоры т.ғ.к, профессор Болат Сағидоллаұлы Жұмағұлов бастап бергеннен кейін келесі профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер сөз сөйледі. Тилеубергенов Еразак Манапович - з.ғ.к., доцент, - Мемлекеттік және азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы, Жакауов Мақсат Дөңесұлы - «Аймақтану» мамандығының 2 курс магистранты, Құсбақ Ырыс Дәулетқызы - «Тарих» мамандығының 4 курс белсенді студенті. Сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойылып, татымды әрі түсінікті жауаптар алынды.

 

  

 

  

 




Кері оралу