қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
14.10.2017

«ДІНДАР ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ»
тақырыбында оқыту семинары

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 10-11 қазан күні «Діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» тақырыбында оқыту семинары өтті. Аталған семинарға университет профессор құрамы мен қатар, Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары т.ғ.к. - Муратказин М.М., Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор т.ғ.д. - Тулекова М.К. және осы кафедраның аға оқытушысы, дінтану магистрі - Манапбаев Н. қатысты.
Семинар 2 күнге созылып, өте тартымды өтті. Іс-шара модераторы, ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының ғылыми іс жөніндегі орынбасар міндетін атқарушы - Әбуов Тұрар Түрегелұлы болды.
10 қазан күнгі семинар ашылуында алғы сөзді, Алматы қаласы Дін істері басақармасының басшысы - Есенбеков Айдар Рахымжанұлы сөйледі. Іс-шараға тағы да көптеген діни клубтардың басшылары мен жетекшілері сөйлеп, талқылау сағаты, сұрақ-жауаптар болды.
11 қазан күнгі семинарды Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. - Әбдірәсілқызы Айнұр ханым ашып, Әйелдер аудиториясымен діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізудің теологиялық және тәжрибелік мәселелері жөнінде тұщымды ойларын ортаға салып, теориялық тұрғыда көптеген деректер мен дәлелдер келтіріп, ой қорытты.
Аталған семинар жоғары дәрежеде, өз деңгейіне сай өтті. Көптеген мағлұматтар айтылып, салиқалы сұхбаттар мен баяндамалар жасалынды. Семинар соңында пікр-талас болып, профессор-оқытушылар діни орталықтан келген қонақтарға өз сауалдарын қойып, берілген жауаптарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Семнардың қорытындысында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. - Әбдірәсілқызы Айнұр ханым 2 күнге созылған семинарға қатысқан адамдарға өз қолымен сертификаттар таратты.

 

 

 

 




Кері оралу