Институт жаңалықтары мен оқиғалары
01.12.2023
«Алаш» қозғалысы бойынша екі томдық құжаттар жинағының тұсаукесері
2023 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты мен «Айтылған тарих» ғылыми лабораториясы «Алаш ісі. 1920-1930 жж. БМСБ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» тақырыбында теориялық-методологиялық семинар өткізді. Семинарда ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілігімен жарық көрген «Алаш ісі. 1920-1930 жж. БМСБ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» атты жинақтың 1-томы және 2-томының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Сәбит Шілдебай, Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, профессорлар Х.Абжанов, Т. Далаева, З. Мырзатаева және «Тарих-география» мамандығының 2-курс студенттері Ж.Дастанкызы, Ш.Мустафо қатысты. Семинардағы сөзжарысты модератор институт директоры, профессор Ғабит Кенжебаев жүргізді.
Іс-шара соңында «Алаш ісі. 1920-1930 жж. БМСБ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» (Құраст. М. Қойгелдиев (жауапты ред.), З. Мырзатаева, Р. Мирзақұлова) құжаттар жинағының екі томының тұсаукесері өтті.
Кітап таныстырылымы университетіміздің тарихшы, филолог мамандарының катысуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2023 жылдың 29 қарашасында өткен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама: оқиғалары, себептері, салдары мен сабақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жалғасын тапты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|