Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.11.2023
«Технологиялық инновация және кәсіпкерлік» тақырыбында халықаралық ғылыми семинары
2023 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Еңбек және Кәсіпкерлік әлеуметтану» пәні аясында «Технологиялық инновация және кәсіпкерлік» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті. Семинарда Туркия Республикасы, Ван қаласы, Ван Университеті оқытушысы, Ван ТекноКент ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Ясмин Еткин тақырыпқа байланысты баяндама жасады. Семинарға Тарих және құқық институтының 4 курс «Философия-әлеуметтану» мамандығының студенттері белсене қатысып, аталған тақырып бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Баяндамашымен кері байланыс орнатылды. Студенттер нақты сұрақтарын қойып, тақырыптардың ашыла түсуіне ықпал жасады. Семинарға институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|