қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
24.10.2023

Ашық сабақ өтті


2023 жылдың 24 қазанында Республика күніне орай Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы «Тарих-география» мамандығының ұйымдастыруымен «Мәңгі жаса, қыран елім Қазақстаным»тақырыбында ашық сабақ өтті. Кеш директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов мен тарих ғылымдарының докторы Ханзада Сутееваның студенттер мен оқытушыларды Республика күнімен құттықтау тілегімен басталды. Студенттер ұлттық рәміздеріміздің тарихын айтып, Отан жайлы өлеңдерін оқыды. Ашық сабақ топ студенттерінің патриоттық хорымен аяқталды. Қорытынды сөзді тарих ғылымдарының докторы Мереке Тулекова алып, студенттерге сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу