қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
13.04.2017

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ТАЛДАНДЫ


        2017 жылдың 13 сәуірінде университеттің Бас ғимаратында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің арасында кеңінен талдау мақсатында «Рухани жаңғыру - Қазақстан дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор Ж.Е. Ішпекбаев тың жетекшілік етуімен өткізілген дөңгелек үстел барысында институт директорларының, директор орынбасарларының, профессор-оқытушылардың, Жастар комитеті мүшелерінің және студент жастардың арасында қызу пікір алмасу орын алды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың ой-пікірлері Елбасы мақаласындағы латын әрпіне көшу саясатының ұтымдылығын нақтылай түсті. Іс-шараға қатысқан тарих және құқық институтының студенттері белсене қатысып, ерекше әсер алып қайтты.

 

 

 




Кері оралу