қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
26.05.2022

Бүкілхалықтық референдум талаптарын түсіндіру шаралары

 

Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков елімізде 2022 жылдың 5 маусым күні өтетін ҚР Конституциясына тоықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы референдумның іс-шараларын жүргізді. Бәрімізге белгілі, онығ мақсаты - еліміздегі демократиялық үдерістерді дамыту және нығайту.

 

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша референдумды түсіндіру штабының мүшесі ретінде Ж.Қ.Симтиков қаламыздағы бірнеше нысандарды аралады. Атап айтар болсақ, Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты Ж.Жабаев атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Орталық әмбебап дүкені, «Қазақстан» қонақ үйі, №1 емхана ұжымы, №2 перзентхана ұжымдарымен кездесіп, қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтардың барлығына саясаттанушы маман ретінде жауаптар берді. Кездесу екі тараптан да ортақ түсіністік тауып, нәтижелі өтті: көптеген сұрақтар қойылып, Қазақстанның одан әрі гүлдене түсуі үшін жылы тілектер айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу