Институт жаңалықтары мен оқиғалары
28.04.2022
Студенттер «Шымкүн- күн қаласы» көрмесіне барды
2022 жылдың 27 сәуірінде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары профессор Айткүл Махаева мен дінтану магистрі Дидар Мамырбаевтың ұйымдастыруымен Абай университеті студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы галереясындағы шымкенттік қылқалам шеберлерінің «Шымкүн - күн қаласы» суреткөрмесін көруге барды.
Студенттер Шымкент қаласының TAMYR тобы суретшілері: Г.Насырова, М.Бекенов, С.Иляев, А.Муратбаев сияқты шеберлердің еңбектерімен танысты. Сурет көрмесін тамашалауға Тарих және құқық институтының 3 курс «6В01602 - Тарих-дінтану» және 4 курс «5В013000-Тарих-дінтану», Жаратылыстану және география институтының «6В01516 - География-тарих» мамандықтары студенттері, сондай-ақ Филология институтының 1 курс студенттері қатысты.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты жастардыңмәдени сауаттылығын көтеру жәнеэстетикалық тәрбие беру болатын.Аталған іс-шараға қатысқан университет студенттері көрменің ұнағанын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|