Институт жаңалықтары мен оқиғалары
10.03.2017
«Шетелдегі қазақтардың Атамекенге оралуы және оларды әлеуметтік жағынан қорғалуы (білім саласындағы мәселелері)» атты дөңгелек үстелі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасында 2 наурыз 2017 жылы «Шетелдегі қазақтардың Атамекенге оралуы және оларды әлеуметтік жағынан қорғалуы (білім саласындағы мәселелері)» атты тақырыпта өткен дөңгелек стол өткізілді. Мақсатымыз Еліміздің тәуелсіздік жылдарынан бері алыс және жақын шет елдердегі қандастарымыздың елге оралу деңгейі, елдегі хал-ахуалы, оралған жастардың бүгінгі жетістіктері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысы барысы және ҚР Президентінің Халыққа Жолдауын шетелдегі қандастарымыз арасында талдау жөнінде аталған ұйымның қызметкерлерімен елге оралған жастармен ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар және студенттік қауыммен танымдық-талқылау форматында өткізу. Дөңгелек столды ұйымдастырушы, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Тулекова М.К. арнайы шақырылған қонақтарға қатысып отырғандарына ризашылығын білдіре отырып Дүниежүзі қауымдастығының шетелдегі қандастарымыздың елімізге, өз Отанына оралуда жүргізіп жатқан еңбектерінің зор екендігін және оларды әлеуметтік жағынан «білім саласындағы) қорғаудағы, көмектесумен, жұмысқа орналастырудағы ерең еңбектеріне тоқтай отырып Қазақстандағы көші-қон процесіне де ерекше көңіл бөліп отырғандығын және оның қорытындысы ретінде жарық көріп жатқан монографиялық еңбектер мен ғылыми жинақтар, шетелдік қазақтардың еңбектерін басып шығарудағы жұмыстарыда көңіл толтырарлық-дей келіп алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі. Дөңгелек столдың жұмысына жұмысына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымынан қатысып отырғандар:
Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Кулгазира Балтабаева -т.ғ.к., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Талдау орталығының директоры. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры; Уатқан Ботагөз, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы ұйымдастыру бөлімінің басшыс; Кебекбай Ерлік Ержанұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдасты www.qazaq-alemi.kz сайтының редакторы Тынысбек Талапбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі ақын, Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (ҚХР); Сонымен қатар университет түлегі Талғат Жаныспай- журналист, блогер, институттың және кафедраның оқытушы-профессорлары мен магистранттар, студенттер. Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы өз сөзінде білім беру саласындағы елге келген оралмандардың кездесетін қиындықтары мен кедергілеріне тоқтала отырып шетелдегі қазақ балаларының тіл мәселесіне, оқулықтардың жетіспеушілігіне тоқталып өтті. Егемендік жылдары елімізге қоныс аударып келген қандастарымыздың әлеуметтік жағынан қорғалудағы кездескен қиыншылықтарына тоқтала отырып оның шешілу жолдарын және сол бағытта қауымдастықтың жүргізіп отырған іс-шараларына тоқталып өтті. Шетелде қазақ халқының 3/1 тұрып жатыр, олар өз елінен белгілі саяси оқиғаларға байланысты кеткендер. Тек 1 миллиондай ғана адам елге қайтып оралды.олардың өздері көптеген қиындықтарға кездесіп отыр, әсіресе азаматтық алу, жұмысқа орналасу және білім алу, тіпті мектепке баруда. Оларды шешу жолдарын ұсынғандарымен ол толық қабылданбай жатқандығын айта отырып өзінің төмендегідей ұсыныстарын айтты: Шетелдегі қазақтардың Қазақстанға келіп оқу мәселесін шешу, ол үшін типтік бағдарламаларға өзгерістер енгізу керек; Шетелден келген қандастарымызды дайындық курстарында оқыту және оның Ережесі бар соны ұстану керек; олар шетелде оқыған жастар болуы керек. Соларды ғана дайындық курстарына алу мәселесі; Колледж бен СПТУ, ГПТУ-лерге арнайы квоталар, орындар беріп шеттен келген қазақ балаларын қабылдау; Орта мектептерге қабылдау проблемаларын шешу. Шетелден келген қазақ жастары арасында жоғары білім алып қызмет етіп жатқандар да бар.Солардың ішінде 30PhD бар. Уатқан Ботагөз өзі басқаруп отырған бөлімнің жұмысымен таныстыра отырып Моңғолиядағы қазақтар мен олардың елге оралуы туралы мәселеге тоқталды, егемендіктің алғашқы жылдарында бөлінген мемлекеттік квота бойынша Моңғолиядан бір ауыл түгел көшіп келсе, қазір ол көштің саябырлағаны туралы айтты. Ондағы білім саласындағы мәселені көтерді. Кулгазира Балтабаева -т.ғ.к., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Талдау орталығының директоры. Қауымдастықтың жасап жатқан жұмыстары мен оралмандар мәселесіне тоқтала отырып Алтай, Барнауыл жерлеріндегі қазақтармен кездесулеріне тоқтала отырып шеттегі қандастарымызды толғандыратын бірден бір мәселе-тіл мәселесіне тоқтала отырып өзінің негізінен оралмандардың білім алу мәселесіне байланысты комиссия мүшесі ретіндегі жұмыстарын туралы баяндады. Қазіргі уақытта оралман жастардың жоғары оқу орындарына түсуі өте аз, былтыр 1056 оралман тапсырса, соның ішінде тек 481-і ғана түсті.олар емтихан тапсыруда көп қиындықтарға кездесетіндіктерін айтты. Мемлекет тарапынан да білім беру саласында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып жатыр, бірақ әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Соның ішінде азаматтық алу, құжаттарды рәсімдеу, жұмысқа орналасу мен білім алуда екендігін атап көрсетіп өтті. Одан кейін сөз алған Тынысбек Талапбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі ақын, Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (ҚХР) оралман жастардың еліміздің қоғамдық істеріне белсене араласып отырғандығын айта келіп өзінің өлең шумақтарын оқып берді. Кебекбай Ерлік Ержанұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдасты www.qazaq-alemi.kz сайтының редакторы өзінің сөзінде Қазақстан туралы және оралмандар туралы мәліметтер мен маңызды оқиғаларды, елдегі жаңалықтарды өзінің сайт арқылы шетелдегі қазақтарымызға жеткізіп отыратындығын айта келіп университет және институт қызметкерлерін де сол сайтқа өз мақалаларын бере алатындығын және кең аудиторияны қамтып жатқандығына тоқталды. Ал университетіміздің, институтымыздың түлегі, журналист Талғат Жынысбай жастарды тарихқа қызығушылыққа, қоғамдық белсенділікке, мейірмендік пен адамгершілік принциптерге берік болуға шақыра отырып шетелдегі қазақ диаспорасы туралы, оралмандар туралы көптеген жаңа мәліметтер берген қауымдастық қызметкерлеріне алғыс айтты. Қара шаңырақ Абай атындағы ҚазҰПУ-нің келешекте атын паш ететін, сол білім ордасында білім алғандарына рахмет айтып, ұстаздардан алған білімдерінде өз өмірлеріне, қоғамға пайдалы істерін арқылы көрсетесіндер дей келіп жастарға білімге, өнерге ұмтылуға, қоғамның бүгінгі талабынан қалмауға шақырды. Дөңгелек столға арнайы қатысып отырған Университеттің тәрбие басқармасының қызметкері, әлеуметтік бөлімнің бастығы Шарғынов Ерболан Мергенбайұлы Дүнижүзілік қауымдастық ұжымына студент, магистрант, оқытушы-профессорлар, докторанттармен кездесуге келгендеріне рахмет айта отырып творчестволық табыс тілеп оралман жастар мәселесі университет ұжымының үнемі бақылауындағы мәселе және бізде оқитын оралман жастарға жан-жақты көмектер көрсетіліп отыратындығын айтты. Жалпы дөңгелек стол өте тартымды өтілді, қатысушылар көптеген сұрақтар қойып өз пікірлерін айтты. Кафедра атынан т.ғ.д., профессор Сүтеева Х.А. қонақтар мен барлық қатысушыларға ризашылығын айта отырып өзінің де сол азаматтық мәселе алуда кездесетін қиыншылықтарды білетіндігін және сол мәселе әліде шешілмей кле жатқандығын айта келіп келешекте оралмандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалуды, білім беруде әліде шешілмеген мәселелерді шешу жолдарын қауымдастықпен бірлесе отырып шешетіндігіне сенім артты. Дөңгелек столдың қорытындысында құқық мамандығының студенттері қазақ күйін сый құрмет ретінде орындап жастар атынан рахметтерін білдірді. Дөңгелек столға қатысушылар Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы қызметімен, оралмандар, көші қон проблемаларымен танысумен қатар сол мәселелер бойынша жарық көрген ғылыми зерттеу еңбектері, жекелеген оралман ақын-жазушылардың еңбектерімен танысты. Кездесу өз мәресіне жетіп тартымды өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|