қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
12.04.2022

«Таңбалы» музей- қорығының жылжымалы көрмесі


2022 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ғылым онкүндігі-2022» аясында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен «Таңбалы» музей - қорығының жылжымалы көрмесі өтті. Көрменің негізгі мақсаты - қола дәуірі кезеңінен бастау алатын «Таңбалының» жартас өнерін кеңінен насихаттау.

 

Көрмеге «Таңбалы» музей- қорығы ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Қ.Нұрмақсұтов жетекшілігімен, аға ғылыми қызметкер Қ.Қалықбаева мен экскурсовод А.Орашова музей жәдігерлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, жылжымалы көрме аясында аталмыш оқу орнының ұстаздары мен студенттері ашық аспан астындағы «Таңбалы» жартас өнерінің тас үзінділерімен, Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында музейдің ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған қыш ыдыстармен және «Таңбалының» жартас өнері туралы жарыққа шыққан басылымдар, сондай-ақ, түрлі ақпараттық буклеттер және т.б. насихат құралдарымен танысты.

 

Жылжымалы көрмені университет басшылығы, білім алушылары тамашалап, өз тараптарынан ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу