қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
11.04.2022

Орталық мемлекеттік мұражайға экскурсия

 

2022 жылдың 11 сәуірінде Тарих және құқық институтының Дүние жүзі тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар «6В02209-Тарих-география» мамандығының 1 курс 102 топ студенттерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіне саяхаттап тәрбие жұмысын жүргізді.


Студенттерге мұражай жәдігерлерімен, құнды заттар, қолөнер мәдениеті, зергерлік шеберліктен туындаған бұйымдар мен сурет галереясы көрсетілді. Қазақ мәдениеті, Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыс жабдықтары мен ұлттық киім үлгілері және жан-жануарлар әлемі таныстырылды. Тәрбиелік шараның танымдық сипаты кең болды.

 

   




Кері оралу