қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
17.03.2022

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы өскелең ұрпақ тәрбиесінің негізі

 

2022 жылдың 16 наурызында Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы Е.М.Тасыбекова Алматы қаласындағы Иштван Қоңыр Мантоки атындағы 154-ші мектепте «Мектеппен байланыс» барысындағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағдарламасына сүйене отырып танымдық-тәрбиелік сабағын өтті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бірлесе талқылау мақсаты болған шараның тәрбиелік мәні терең болды.

 

Е.М.Тасыбекова Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауының өзектілігі мен өзіндік ерекшелігіне тоқталып, отандық және әлемдік тарихтан мысалдар келтіре отырып, ұсынылған реформалардың тарихи және саяси маңыздылығын көрсетті. Және де мемлекетімізде алдағы уақытта алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді тұстарына кеңінен тоқталды. Ең бастысы, Жаңа Қазақстанды құруға еліміздің барлық азаматтары атсалысуы керектігін айтты.


Мектеп мұғалімдері мен оқушылар бұл маңызды шараға бесенді қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды, және нақты жауаптар алды.

 

   




Кері оралу