қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
25.01.2022

3 курс білім алушыларының педагогикалық практикасының ашылу конференциясы


2022 жылдың 24 қаңтарда Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық практикаға ашылу конференциясы онлайн форматта өткізілді. Конференцияға Тарих және құқық институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Асымова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.С Саудабаева, психолог аға оқытушы М.Б. Құрманбек және Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы К.М Рүстем, практика әдіскерлері мен бірге «6В01601-Тарих», «6В01602-Тарих-дінтану»» мамандықтарының 3-ші курс студенттері қатысты.


Д.Б. Асымова практиканың басталғанын жариялап, студенттерді педагогикалық практиканың академиялық ережелерімен таныстырды, сондай-ақ практикадан толық өту және студенттердің жауапкершілігі қажеттігін атап өтті.

Педагогика ғылымдарының докторы Г.С. Саудабаева: 3 курс білім алушыларына практика барасында педагогигикалық шеберлік баяндай отырып, қазіргі заманға сай ақпараттық заманауи технологияларды пайдалана отырып білімді маман иесі екендіктерін көрсетуіне сәттілік тіледі. Г.С. Саудабаева студенттерге практика кезінде өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетуде табыс тілеп, олардың заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланатын жоғары білімді мамандар екендігін көрсетуге шақырды. М.Б. Құрманбек педагогикалық практикадан өту кезінде студенттердің психологиялық қызметі туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі К.М. Рүстем педагогикалық практикаға қатысушы студенттерге педагогикалық тәжірибе аясында мектепте өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетуге сәттілік тіледі.


Практикаға жауапты аға оқытушы Г.М. Коккозова студенттерді практикадан өту туралы бұйрықпен және педагогикалық практика ережелерімен таныстырды. Ол сондай-ақ практика әдіскерлерін таныстырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

   

 

       




Кері оралу