қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
21.10.2021

«Кітап оқуға мотивация неге қажет?» тренингісі өтті


2021 жылғы 19 қазанда Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидардың ұйымдастыруымен кітапханашылар күніне орай «Кітап оқуға мотивация неге қажет?» тақырыбында 3 курс «6B01601-Тарих», 4 курс «5В01300-Тарих - Дінтану» мамандықтарының білім алушыларымен тренинг өткізілді.

 

Аталған іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылары, білім алушылар, кітапхана қызметкерлері қатысты.

 

Тренинг аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптады насихаттау, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға қатысты студенттердің пікірлері мен кітапханашылардың кітап әлеміндегі күнделікті өмірі және қызметі талқыланды.

 

Кафедрамыздың профессоры Жұмахан Нұрмамбетқызы студенттерге кітапты оқудың пайдасын және кітапты жүйелі түрде оқыған адамның бойында ізгілік пен білімнің, адамгершіліктің қалыптасатындығы жөнінде айтып өтті. Ал, Тарих және құқық институтының кітапханашысы Гүлшат Майқотова өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, белсенді пікір алмасу деңгейінде өтті. Қызықты да тартымды ұйымдастырылған іс-шараға студенттер белсенді қатысып, ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу