қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
29.09.2021

«Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» тақырыбындағы дөңгелек үстел


2021 жылдың 28 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков баяндама жасады. Аталмыш шараға елімізге белгілі жоғары оқу орындары мен ұйымдардың өкілдері қатысып, ой бөлісті.

 

Дөңгелек үстел ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларын насихаттауға, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың дінаралық рухани дипломатия және дәйекті саясатын дамытуға арналды.

 

Іс-шара оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, олар сұрақтар қойып, осы тақырып бойынша білімдерін көрсетті.

 

   

 

   




Кері оралу