қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
14.09.2021

Бірінші курс студенттерінің Тарих және құқық институты

Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушыларымен
онлайн-кездесуі

 

2021 жылдың 13 қыркүйегінде Тарих және құқық институтының бірінші курс студенттерімен Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары онлайн режимінде кездесіп, студенттерді кафедрамен және оның қызметімен таныстырды. Кездесудің модераторлары ретінде Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәмшат Рүстем және аға оқытушылар Руслан Сейтқазиев, Мақсат Жақауов сөз сөйледі. Студенттерге кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен университеттегі оқу процесі, үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат ұсынылды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында оқытушылар студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, оқуда табыс тіледі.

 

   




Кері оралу