қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
03.09.2021

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» онлайн-вебинары


2021 жылғы 2 қыркүйекте Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының эдвайзерлері Г.Д.Рахимова мен Ж.Ж.Қуанышбаева ZOOM платформасында онлайн режимде ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын талқылады.


Іс-шараның мақсаты - студенттерді Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен таныстыру, Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы туралы білімді тереңдету жас ұрпақтың бойында өз елінің алдындағы азаматтық борышын сезіну сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Басты назар денсаулық сақтау мен жоғары білім беру сапасына қойылған міндеттерге аударылды. Студенттер бұл іс-шараға қызығушылықтарын білдірді.

 

   

 




Кері оралу