қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
27.08.2021

Конституция - тәуелсіз мемлекеттің дамуының негізі

 

2021 жылғы 27 тамызда ҚР Конституциясы күні қарсаңында Тарих және құқық институтының академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Конституция - тәуелсіз мемлекеттік құрылыстың негізі» тақырыбында конференция өткізді.

 

Кафедра меңгерушісі Бауыржан Жангуттин студенттерді және шақырылған қонақтарды еліміздің Ата Заңының 26 жылдығымен құттықтап, оның мақалаларының қазақстандық қоғамды дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Кафедраның оқуытушысы Б.Утеулиева «Шынайы тарихымызды түгендеу - Тəуелсіз Қазақстанның жемісі мен міндеті» деген тақырыпта баяндама жасады.


Іс-шараға Қазақстан жастар фракциясының өкілдері, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков қатысып, «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері.Құқық үстемдігі жəне азаматтық қоғам» тақырыбында баяндама жасады. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкері Гүлнұр Досханова жəне басқа да қызметкерлер қатысты. Тарих және құқық институтының 2-3 курс студенттері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызықтыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 

   

 

 

 




Кері оралу