қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
23.04.2021

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» ғылыми семинары


2021 жылдың 22 сәуірінде «Ғылым айы - 2021» аясында онлайн режимде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедра мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді (жауаптылар: Бижанова А.Р. және Кенжибекова Э.П.).

 

Ғылыми семинардың ашылу салтанатында «Құқықтану» кафедра меңгерушісі Е.А. Бурибаев құқықтық тұжырымдаманың маңыздылығына тоқталып кетті. Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Б.А. Жетпісбаев «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында», Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Б.Х. Толеубекова «Қылмыстық-процестік құқық саласындағы тұжырымдамалық басымдықтар», Б.А. Тайторина «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында», А.Р. Бижанова «Мемлекеттің қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты» тақырыптарында баяндама жасады.


Іс-шара соңында семинардың қорытындысы шығарылып, құқықтанушы ғалымдардың баяндамаларында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасылды.

 

   

 

   




Кері оралу