Институт жаңалықтары мен оқиғалары
18.03.2021
«Тарих күні» ҚР Орталық мұражайда
2021 жылдың 17 наурызында Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Манапбаев және «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Б. Утеулиеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайына студенттерін апарып «Тарих күнін» атап өтті. Карантин ережелерін қатаң сақтай отырып, мұражайдағы тарихи жәдігерлермен таныстырып, студенттерге инстаграм парақшалары арқылы тікелей эфир ұйымдастырды. Мұражай қызметкері, экскурсовод Сафия Аязбаева «Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті (Этнография) залы», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті залы», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарымен таныстырып, тарихи жағдайлар туралы көптеген мәліметтер берді.
Орталық мұражайға барған студенттер өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|