қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
23.12.2020

Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында дәріс өткізілді


2020 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының ЖОО-ы арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына «1917 жылға дейінгі Қазақстанның Ресейлік тарихнамасының теориялық-методологиялық негіздері: жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының профессоры Сутеева Ханзада дәріс сабағын өткізді.

 

Аталған іс-шараға Өзбекстан Республикасы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері, әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты. Сутеева Ханзада өзінің дәріс сабағында Қазақстанның ресейлік тарихнамасының практикалық бағытының көрнекті өкілдері туралы жан-жақты баяндады. Дәріс соңында Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы тақырып төңірегінде ой бөлісіп, пікірлерін білдірді.

 

 

   

 

   

 

 




Кері оралу