қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
02.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектептегі досы Едіге Исатұлымен кездесу

 

2020 жылдың 30 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының «5В01300-Тарих-Дінтану» мамандығының 3-курс студенттері, №146 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары және №146 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, студентеріміздің жетекші ұстазы Қатира Қамысбаеваның ұйымдастыруымен Zoom платформасында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптас досы Едіге Жүнүсовпен кездесу өткізілді.

 

Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүниежүзі тарихы, тарихтану жане деректану кафедрасының доценті Қайыркен Кунапина, «Қазақстан тарихы» әдістемелік жұрналының бас редакторы Тамара Әзімханова, №146 мектеп-лицейінің директоры Нурғали Нурадинов , Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, практика жетекшісі Қалдыгүл Таспулатова және студенттер мен лицей оқушылары қатысты. Едіге Исатұлы Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевпен қазіргі Қаскелен қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бірге бітірген сыныптасы ғана емес, балалық шақтан тай құлындай бірге өскен досы. Кездесу барысында студенттер мен оқушылар Едіге Исатұлына бірнеше көкейлерінде жүрген саналы сұрақтарын койып, қонақтан маңызды, өмирлеріне үлгі болатын жауаптар алып отырды.

 

Едіге Жүнүсов Алматы облысында бірнеше лауазымды қызметтер атқарған, қазіргі таңда Қарасай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Ол кісі Елбасымыз туралы керемет, кез-келген адамның рухын оятатын естеліктер айтты. Едіге Жүнүсов: Елбасы туралы көп нәрсе айтуға болады. Ең бастысы халқы, жұрты үшін атқарған қызметі орасан зор. Нұрсұлтан Әбішұлының жеке қасиеті: ол кісі келе жатқанда жауайын деп тұрған жаңбырда жаумай қалады, ол кісі келген кезде нұр, жарық келгендей болып тұрады. Бізге деген көңілі өте жоғары, ешқайсымызды бөліп жармайды. Жылда наурыз айында Елбасымен бірге сыныптастары кездесіп тұрады.

 

Кездесу соңында студенттер мен оқушылар Едіге Исатұлына жақсы тілектер айтып, үлгі-өнеге алатын әңгімесі үшін өз ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 






Кері оралу