қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
30.04.2020

Университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу


Ортағасырлық француз философы Рене Декарттың «Білімді болу жеткіліксіз, оны өмірлік қажеттілікке сай қолдана білу керек» деген сөздері өте орынды айтылған.


Түлектерді жұмысқа орналастыру ЖОО жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Осы бағытта 2020 жылдың 29 сәуірінде Тарих және құқық институты бітіруші курс білім алушыларымен ZOOM программасы арқылы онлайн-кездесу ұйымдастырды.


Институт директоры Болат Жұмағұлов түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жүйесін жүйелі түрде жетілдіруге және дамытуға университетіміз ерекше көңіл бөлетіндігіне тоқталып, жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру жұмыстары, ғылыми ұйымдар мен оқу мекемелерінің басшыларымен және аймақтағы кадрлық агенттіктермен тікелей байланыс орнату арқылы бітірушілерге көмек көрсету, сондай-ақ нарық жағдайында өз бетінше жұмыс іздестіру технологиясын жетілдіру, түлектерге арналған кездесулер (түйіндеме жазу, жұмыс берушімен сұхбат жүргізу және т.б.) ұйымдастырылатындығы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы институт мамандықтарына қарай бос жұмыс орындары сұраныстары жөнінде ақпарат беріп, осындай сұраныстарды дер кезінде пайдаланып, өз ұсыныстарын беруге шақырды.


Сонымен қатар, кездесу барысында түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін елімізде жас мамандардың сәтті әлеуметтенуі, кәсіптік тәжірибе жинау, өзін-өзі көрсету және бұдан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу мақсатында мемлекет түлектерге «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға!», «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламалары туралы тоқталып, университетімізде осы бағытта арнайы «Мансап» орталығының атқарып жатқан шараларын атап өтті.

 

      

 

   




Кері оралу