қазақша · русский · english
 
 
 
30.12.2015

2015 жылдың 28 желтоқсаны күні Тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев Институт  директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының 2015 жылда атқарған жұмыс есептерін тыңдады.

Есептік-жиналыс барысында Ж. Ішпекбаев мырза жылды қорытындылай келе «2015 жыл -  Қазақстан дамуы тарихында айрықша мәртебеге толы жыл болды. Елбасы ұсынған 5 институционалдық ре­формасы қабылданып, еліміздің болашақ бағдары айқындалды. Астана төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі өтіп, Еуразилық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. 26 сәуірі күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміз үшін маңызды шара болып табылды.             Тарих жылнамасында асқан айбарымен, ұлтымызды бір тудың астына біріктірген қазақ хандығының 550 жылдығын, берекелі тірліктің ұйтқысына айналған еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, елдігіміз бен теңдігіміздің, азаттығымыздың кепілі Конституциямыздың 20 жылдығын, аға буын ұрпақтың айбынды ерлігінің жемісі - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту үстіміздегі жылдың үлесінде  болды. «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», - деп Елбасы атап кеткендей, аталған мемлекеттік маңыздағы шаралар жыл бойы университетіміздің тәрбие жұмысын  тиімді ұйымдастурыға негіз болды» - деп өз ойын тұжырымдады.

Одан әрі сөз кезегі директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына берілді. Орынбасарлардың әрбірі мерейлі жылда атқарылған іс-шаралар есебін интерактивті түрде көрсетіп, келер жылға тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша  ұсыныстарын білдірді.

Есептен кейін проректор мырза университеттегі студенттердің діни ахуалы, Тәрбие жетекшілігі жүйесі, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, Студенттік өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігін арттыру  мәселелерін талқыға салып, оларды одан әрі жетілдіру бойынша бағыт-бағдар берді. 

Жалпы есеп беру жиналысының қортындысы бойынша проректор      Ж.Е. Ішпекбаев университетте жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысы мен жастар саясаты бағытындағы шаралады тиісті деңгейде атқарылып жатқанындығын тілге тиек етіп, жыл бойы жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына шынайы алғысын білдірді. 

 




Кері оралу