қазақша · русский · english
 
 
 
23.01.2019

Жастар жылы салтанатты түрде ашылды


2019 жылдың 23 қаңтары күні Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара форум аясында өтіп, Ұлттық телеарналарда тікелей эфир көрсетілімі ұйымдастырылды.


Тарихи сәтті тамашалау үшін университетіміздің оқу ғимараттарында жаппай көрсетілім ұйымдастырылып, көрсетілімге университет басшылығы мен 1200-ден астам студент-жастар қатысты.


Елбасымен өткен Форумда түрлі салаларда қызмет ететіп, білім алып жүрген жастар өз жетістіктерін баяндап, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді. Шара аясында жастар әзірлеген табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылды.


Өз кезегінде мемлекет басшысы алдағы уақытта жастардың ұсынылған барлық бастамалары қолдау тауып, тиімді іске асырылатындығына сенім білдірді.


Жаппай көрсетілімнен соң, университет ректоры Такир Балықбаев «Жастар жылы» оқу ордамызда да ауқымды істер атқарылатындығын тілге тиек етіп, жастарды белсенді болуға шақырды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу