қазақша · русский · english
 
 
 
30.06.2014

Достықты ұлықтаған - бірлік күні

130-дан астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына ұйыстырған, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қиыстырған Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 2014 жылдың 29 сәуірі күні «Бірлік пен келісім - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш кездесуге Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы А.Ү. Абдықалықов, басқарма бастығының орынбасары Қ.А. Бекбенбетова, Қызметкерлер Кәсіподағының төрағасы Б.Б. Нұрбатыров, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымадырының докторы, профессор К.И. Мирзоев, Күрд диаспорасы ассициациясының төрағасы В.Г. Набиев, университет жанынан құрылған Студенттік «Бірлік» ассамблеясының мүшелері және институт студенттері қатысты.

Кездесу барысында бір шаңырақтың астында 130-дан астам этнос өкілін біріктірген ҚХА Қазақстанның тұрақты даму жолындағы маңызы мен қызметі, мемелкеттік жастар саясаты және мемлекеттік тіл мәртебесі туралы мәселелер талқыланды.
Шара Жаратылыстану және география институты студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қазақ, өзбек, корей, халқының салт-дәстүрін дәріптеп, мәдениетін таныстырған студенттердің өнерлері жиналған көпшілікті жақсы көңіл-күйге бөледі. Кездесу соңы қазақ халқының ұлттық биі қара жорғамен аяқталды.

 




Кері оралу