қазақша · русский · english
 
 
 
30.06.2014

Қазіргі кезде қоғамымызда, тіпті күнделікті тұрмысымызда кең тараған діни экстремизм, лаңкестік әрекеттер, радикалды діни идеологияның өріс алуы байқалып отыр. Осы тұрғыдан алғанда студент жастардың діни сауаттылығын арттыру, оларды деструктивтік діни ағымдар тарапынан жасырын әлеуметтік - психологиялық ықпал етуден қорғау және толеранттылық сананы орнықтыру мақсатында 2013-2014 оқу жылына арналған «Экстремизмге идеологиялық тұрғыдан қарсылық жөніндегі» іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды:
1. Оқу жылының басында университет институттары мен факультетінде дін жолына түскен студенттер мен магистранттардың санын және олардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау жұмыстары жүргізілді.
2. 2014 жылдың 3 ақпанында ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №648 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және студенттер мен магистранттардың арасында экстрмизм мен лаңкестікке қарсы тұру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын күшейту мақсатында дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылып, өткізілетін дәрістер кестесі бекітілді.
3. Теріс бағыттағы радикалды діни ұйымдарды насихаттайтын ақпараттық-танымдық құралдарды таратуға жол бермеу, университет және жатақхана аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында университетте құрылған студенттік мобильдік жасақтың жұмысы күшейтілді.
4. 2014 жылдың 20-28 ақпан күндері аралығында Алматы қаласы Дін істері басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және діни сауаттылықты жетілдіру» онкүндігі ұйымдастырылды. Аталмыш онкүндік аясында «Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
5. 2014 жылдың «Дін және дәстүр», «Жаңа діни ағымдар: идеялық алғышарттары мен мазмұны», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен қауіпі», «Толерантность в Казахстане», «Теріс ағымдардың күресудің ең тиімді жолы - діни сауаттылықты арттыру», «Дәстүрлі емес діни ағымдар және жастар. Экстремизм мен терроризм», «Қазақстандағы қазіргі діннің жағдайы» тақырыптарында дәрістер оқылды, сонымен қатар «Ақида, ахлисунна», «Қатерлі жиһад», «Вербовка» және т.б. деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қорыта келгенде, жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында ұйымдастырылған бұл шаралар жастардың санасында дін және экстремизм - бір-бірімен сыйыспайтын кереғар ұғымдар сынды түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.




Кері оралу