қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2024

Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және АИТВ инфекциясы


2024 жылдың 23 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті мен Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлері «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен» бірлесіп «Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және АИТВ инфекциясы» тақырыбында студенттерге арналған дәріс ұйымдастырды.


Шараның спикерлері - ҚДИАҒО стационардың меңгерушісі А. Таубаева мен эпидемиолог дәрігер А. Раушанбек болды.

 

Спикерлер дәріс барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу қауіпті аурумен күресудің ең тиімді әдістеріне жататынын және емделмеген жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБИ) АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін 5-10 есе арттыратынын атап өтті.

 

Дүние жүзінде барлық АИТВ және басқа да ЖЖБИ инфекцияларының жартысына жуығы 10-25 жас аралығындағы жастарға тиесілі екен. Осыған байланысты жастарды жауапты және қауіпсіз жыныстық мінез-құлыққа үйрету өте маңызды. Сондай-ақ, бүкіл әлем ғалымдары жақын арада АИТВ-ға қарсы тиімді ем табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

 

АИТВ және ЖЖБА бойынша жүргізілетін алдын алу жұмыстары - халықтың ауқымды топтарына инфекциялардың таралуын болдырмау үшін жасалады. Әр жыныстық қатынаста мүшеқаптарды қолдану - инфекциялардың таралу ықтималдығын азайтады, бірақ ол 100% адам ағзасын инфекциялардан қорғамайтынын есте сақтаған жөн.

 

Егер ЖЖБА жұқтыру қаупі болған жағдайда, дәрігерге міндетті түрде қаралу қажет. Себебі, профилактика, ерте диагностика және дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектермен емделу ауыр зардаптардан қорғайды.

 

Дәріс барысында студенттер аурудың таралу жолдары және АИТВ-инфекциясын, ЖЖБИ-ді қалай қауіпсіз сақтануға болатындығы туралы ақпаратпен толық танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті


 




Кері оралу