Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
21.02.2024
«Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында заңнамалық-құқықтық кездесу өтті
2024 жылдың 21 ақпанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, «ҚР кеден құқығы» оқу құралының авторы Қалдарбек Жүнісбайұлы мен «ҚР Еңбек құқығы» оқу құралының авторы Сабыржан Малиұлы «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында заңнамалық-құқықтық кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты білім беру ордасында харассмент оқиғаларының алдын алу және студенттерді құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және құқықтық біліммен таныстыру болды.
Спикерлер студенттерге білім беру ұйымдарындағы харассмент мәселесі мен ресми статистикасын айта келіп, мұндай жағдайға ұшырағанда қалай әрекет ету керек, қайда көмекке жүгіну қажет және алдын алу үшін қолданылатын шаралармен бөлісті. Сондай-ақ, оқу бөліміне байланысты, академиялық ұтқырлықпен оқуға бару және қос дипломға қатысты студенттердің құқықтары туралы айтып өтті.
Ал студенттер кездесу барысында спикерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды. Бұл студенттерге өз құқықтары мен міндеттерін жақсырақ түсінуге көмектесті.
Психологиялық қолдау қызметі Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|