Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
15.02.2024
«Есірткі қаупі және оның салдары» тақырыбында дәріс өтті
2024 жылдың 14 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткі қаупі және оның салдары» тақырыбында дәріс өтті.
Кездесу спикерлері - Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Көбеев Дәурен мен психиатр-нарколог дәрігер Трубникова Анна болды.
Дәріс барасында спикерлер студенттерге нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін берілетін жаза түрлері мен нашақорлық мәселелері бойынша деректер келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен жіберілген есірткіге қарсы бейнероликтерді тамашалады. Сонымен қатар мамандар жастардың санасында «Денсаулық - адам үшін маңызды құндылық» деген түсінікті нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|