қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2024

Төтенше жағдайларға байланысты университет студенттеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 

2024 жылдың 6 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары төтенше жағдайларға байланысты университет студенттеріне арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Іс-шараға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің  бас құтқарушылары Пак Вадим мен Дюсебаев Бейсенғали, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Нұрымбетов Дана қатысты.

 

Аталған іс-шараның мақсаты - оқу ғимараттары мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек пен жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырып, дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру болды.

Сонымен қатар, жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде жүру керек екені айтылды. «Төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек? Қандай шаралар қолдану қажет?» деген сұрақтарға жауап берілді. Білім алушыларды жалпы ашық алаңға шығу тәртібін түсіндіріп, тәжірибе жүзінде пысықталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті

 




Кері оралу