Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
23.01.2024
Kazakhstan Fashion Week Ұлттық сән апталығының атқарушы директорымен кездесу
2024 жылдың 22 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің қолдауымен, Өнер, мәдениет және спорт институтының PhD докторы, дизайн кафедрасының профессоры, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Құралай Бекболатова мен аға оқытушы Гүлнұр Арыстанованың ұйымдастыруымен «Шығармашылық жобаларды жасау мен жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына арналған келелі кездесу өтті.
Кездесу қонағы - Kazakhstan Fashion Week Ұлттық сән апталығының атқарушы директоры, «Sabon&K» байланыс агенттігінің директоры, kfw.kz редакциясының меңгерушісі Ботагөз Алдонгарова болды.
Шара барысында Ботагөз Алдонгарова: «Журналист мамандығын таңдағанда, бұл менің сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік беретінін білдім. Мен үлкен мерекелерді, іс-шараларды жүргізгенді жақсы көремін. Эфирге шыққанды ұнатамын. Бала кезімнен сахнаға шықтым, адамдардың өмірінде бақытты сәттері болуы үшін не істеу керектігін білемін. Бірақ мұның бәрі тәжірбиемен келді. Алдымен мен адамдармен мүмкіндігінше көп сөйлескім келді және әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан үнемі хабардар болуды ойладым. Сондықтан журналистика маған керек екенін түсіндім. Маған өзімді радиожүргізуші ретінде сынап көруді ұсынды, мен келістім. Осылайша мен БАҚ-пен бірге өсіп, дамыдым. Журналистикадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы Kazakhstan Fashion Week-ті ұйымдастыруға достарымнан шақырту алдым», - деп, еңбек жолымен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесу аясында шығармашылық жобаларды ұйымдастыру, олардың тақырыптық-идеялық ерекшелігі, тәрбиелік мәні, көркемдік ізденісі төңірегінде де сөз қозғалды. Нәтижесінде студенттер маңызды ақпараттарға қолжеткізіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|