қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2023

Honors College студенттері «Tamos education» мектебінде

 

2023 жылдың 29 қарашасында Абай университетінің Honors College студенттері «Tamos education» мектебінің кураторлары мен оқушыларына жан-жақты үйлесімдік дамуына бағытталған викторина ұйымдастырды.

 

Университетімізде білім сапасын арттыру, білім саласына өзгеріс енгізу мақсатында қолға алынып жатқан жобалар көп. Соның ішінде бірегейі, әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында жүйелі қолданылып жүрген - Honors College жобасы.

 

Жобаның мақсаты - педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын дарынды студенттерге терең біліммен қатар дағдыларды беру. Ол үшін эмоционалды интеллект, критериалды бағалау жүйесі, білім алушылардың, әсіресе мамандандырылған мектептерде (НЗМ, РФММ, БИЛ, BINOM және т.б.) зерттеу дағдыларын дамыту сынды бағыттар бойынша дарынды студенттер қатары жасақталып, сертификатталған оқыту бағдарламалары енгізіледі. Яғни университетіміздің дарынды студенттерін мамандандырылған жетекші мектептерге практикаға жіберетін болады.

 

Мәселен, өткен оқу жылы Honors College студенттерін Республикалық физика-математика мектебі (РФМШ) жұмысқа конкурссыз қабылдады. Ал биыл Honors College жобасының 4-ші курс суденттеріне «Tamos Education» мектебінен жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар келіп түсуде.

 

Біз өз кезегімізде келесі семестрге жобадағы студерттерімізге арналған мұғалім көшбасшылығы (ағылшын тілінде), сабақта ақпараттық технологияларды қолдану (орыс тілінде) және жаңа білім беру әдістемелері (қазақ тілінде) бойынша элективті курстар әзірлеп қойдық.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу