қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2023

«Қызылшаны алдын алу» тақырыбында профилактикалық семинар өтті

 

Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Осыған байланысты, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлерімен бірлесіп «Қызылшаны алдын алу» тақырыбында профилактикалық семинар ұйымдастырды.

 

Қызылшаның алдын алу мақсатында өткен дәрістің спикері С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ішкі аурулар» кафедрасының оқытушысы, инфекционист дәрігер Ләззат Тоқаева, студенттерге қызылшаға қарсы сенімді құрал - уақтылы вакцинация екенін айтты. Сонымен қатар, Ләззат Қалабайқызы қызылша - дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағуы, жөтел сияқты ЖРВИ белгілері ұқсас вирустық ауру, аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болатынын түсіндірді.

 

Сондай-ақ, Ләззат Қалабайқызы: «Қызылша жоғары жұқпалығымен және ауа тамшылары арқылы берілуімен сипатталады. Инфекция көзі тек науқас адам. Қызылша ауруы бар науқас басқаларға денеге бөртпе шығудан 4 күн бұрын және 4 күннен кейін қауіпті. Қызылша қазіргі кезде көбінесе балалық шақта вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі. Сондықтан ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпе балаларға екі рет 12-15 ай және 6 жаста жүргізіледі», - деді дәріс барысында.

 

Сөз соңында маман иммунитетті сақтауда тамақтанудың, ұйқы және еңбек режимінің рөлі маңызды екенін атап өтті. Және де студенттерге денсаулықтарына мұқият қарап, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек екенін түсіндірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу