Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
06.11.2023
«Тоқта, есірткі!» акциясы бастау алды
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, сонымен бірге білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған 2023-2024 жылғы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 2 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне арнайы дәріс өткізілді.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы прокуратурасының өкілі Нұрсұлтан Жиделбай, Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов және білім алушы жастар қатысты.
Дәріс барысында прокуратура өкілі жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұдан бөлек, студенттерге есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.
Нұрсұлтан Жиделбай есірткінің адам өміріне алып келетін зияны орасан зор екенін және нашақорлыққа қатысты істер сотта өте ауыр жаза қарастырылғанын баса айтты.
Айта кетейік, есірткінің мөлшеріне байланысты, заңда аса ауыр, ауыр қылмыс деп санаттарға бөлінген. Есірткінің психотроптық заттардың заңсыз айналымы туралы арнайы заң бар. Заңда есірткі мөлшерінің кестесі қосымша көрсетілген. Кестеде белгіленген есірткі мөлшері жетпейтін болса, әкімшілік жаза қолданылады. Ал аса ірі мөлшерді құраса қылмыстық жаза қолданылады.
Іс-шара соңында студенттер «Тоқта, есірткі!» акциясына қатысып, еліміздің барша жастарына арнайы бейне үндеу жолдады.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|