Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Жаңалықтар
26.10.2023
Республика күні: Медеудегі көк туымыз
25 қазан - Республика күні! 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы еді. Мереке барша қазақ жерінде, әсіресе, Алматы баурайында кеңінен тойланды. Республика күніне арналған акция шеңберінде «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метрлік Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.
Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1 000-нан аса студенті және қала жастары қатысты.
Іс-шара барысында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Қажденбек: «Ең биік жерде орналасқан туды көтеруге 2 мыңнан астам жас келіп отыр. Қаланың белсенділері, депутаттар бар. Бұл - жастардың патриоттық сезімін оятуға өте маңызды іс-шаралардың бірі» - деп айтты.
Республика күніне арналған іс-шара қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті.
Бұдан бөлек, Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен патриот жастардан құралған ауқымды флешмоб ұйымдастырылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|