қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2017

 

«КӘСІПОДАҚ  ТАҢДАУЫ -ТҰРАҚТЫЛЫҚ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

 

           2017 жылдың 26 мамыры күні ҚР Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен «Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының құрылғанына 18 жыл толуына орай «Кәсіподақ таңдауы - тұрақтылық» атты форумы өткізілді. Форумға «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының, Алматы қалалық әкімдігінің,  ҚР кәсіподақтар федерациясының өкілдері және ЖОО қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен студенттік кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты. 

          Форумды Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының төрағасы Данат Жаңатайұлы ашып, «Парасат» кәсіподағының құрылу тарихы мен 18 жыл ішінде атқарған келелі істері туралы ақпарат беріп өтті. Д.Жаңатайұлының айтуынша «Парасат» кәсіподағы жастарды кәсіподақ жұмысына тартып, оларға бағыт-бағдар беріп, кәсіподақтар федерациясының жастар концепциясын жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағында Ардагерлер кеңесі, Студенттік кәсіподақ ұйымы, әлеуметтік мәселелер мен қызметтік қатынастарды шешу орталықтары тұрақты жұмыс атқаруда.

          Шара барысында Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының өкілі, ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы, спорт шебері Ардақ Назаров, Парламент мәжілісінің депутаты, Сидней олимпиадасының жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Шишигина сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

       «Парасат» кәсіподақ ұйымы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларында айтылған салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін қолға алып, ЖОО қызметкерлері мен студенттері арасында спартакиада өткізуді дәстүрге айналдырған. Форум аясында 2017 жылы Алматы қаласындағы ЖОО арасында өткен спартакиада нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық сайыста университетіміздің құрама командасы  жүлделі ІІ орынды, қыздар арасында өткен «Волейболдан» 1 орынды және «Тоғыз құмалақ» ойынынан   1 орынды иеленіп,  арнайы кубокпен, медальдармен, дипломдар және  алғыс хаттармен марапаталды. Сонымен қатар,  «Парасат аруы» дәстүрлі сұлулық байқауының нәтижесі бойынша университетіміздің студенті Дауылбаева Назерке  «Парасат Аруы - 2017»  атағына ие болды.  Білім ордамыздың Студенттер кәсіподағы ұйымының белсенді студенттері Сонуров Шамиль мен Амантаева Сандуғаш  «Құрмет грамотасымен» марапатталды.  

         «Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Д. Ж. Жанатаев жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте!» ІV форумын қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді, себебі олар жастардың бір-бірімен жақынырақ білісуіне, ортақ мәселелерді айқындауға және талқылауға және бірлесе отырып оларды шешу жолдарын табуға септігін тигізеді.«Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Д. Ж. Жанатаев жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте!» ІV форумын қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді, себебі олар жастардың бір-бірімен жақынырақ білісуіне, ортақ мәселелерді айқындауға және талқылауға және бірлесе отырып оларды шешу жолдарын табуға септігін тигізеді. «Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Д. Ж. Жанатаев жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте!» ІV форумын қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді, себебі олар жастардың бір-бірімен жақынырақ білісуіне, ортақ мәселелерді айқындауға және талқылауға және бірлесе отырып оларды шешу жолдарын табуға септігін тигізеді.

        «Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Д. Ж. Жанатаев жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте!» ІV форумын қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді, себебі олар жастардың бір-бірімен жақынырақ білісуіне, ортақ мәселелерді айқындауға және талқылауға және бірлесе отырып оларды шешу жолдарын табуға септігін тигізеді.

Студенттер кәсіподақ ұйымы

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 




Кері оралу