қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2017

 

ҚАЛАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ-2017

 

               Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жылсайынғы кезекті Жолдауларында, Үндеулері мен бағдарламалық мақалаларында  еліміздің болашағы жастарды жұмыспен қамту мәселесі басты назарға алынып келеді. Әлемдік бәсекеге қабілетті ел болуы үшін де жастарды әлеуметтік қолдау маңызды мәселе болып табылады. Сол себепті де, ел жастарын жұмыспен қамтып, жұмыссыздар санын азайту мақсатында «Халықты жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында Алматы қаласында бос орындар жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп тұрады.

               Осы орайда 2017 жылдың 25 мамыры күні Республика сарайының алаңында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарын бітіруші жас мамандарға арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жоғары оқу орындарын бітіруші жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында өткізілген жәрмеңкеге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 500-ге жуық түлектері қатысып, түрлі салалар бойынша қызмет түрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың болашағын жарқын етуді мақсат тұтқан бұл шара дәстүрге айналып, жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтитыны сөзсіз.

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқармасы  

 




Кері оралу