қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2017

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАТАҚХАНААРАЛЫҚ САЙЫС

ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

         Бүгінде тоғызқұмалақ үлкен сұранысқа ие болып отырған, кеңінен дамып, қанат жайып келе жатқан ұлттық ойынымыздың бірі. Осы орайда, жастарға ұлттық ойындарды  дәріптеу мақсатында 2017 жылдың 25 сәуірі күні «Жастар. Шығармашылық. Инновация» Студенттік көктем фестивалі аясында студенттік жатақхана тұрғындары арасында  «Қуалайық ой түбін» атты тоғызқұмалақтан сайыс өтті.

         Ойын 2 айналымда жүргізілді. Сауықтыру және дене мәдениеті кафедрасының оқытушысы Ерубаев Нурақын қазылық еткен ойын өте тартысты өтіп, қорытындысында  І орынды №5 жатақхана тұрғыны Дәрібай Мұхтар жеңіп алды. Қалған жүлделі орындарды №2 жатақханадан Әлімбаева Мөлдір мен №3 жатақхана атынан ойынға қатысқан Жанқазы Ақиқат бөлісті.

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу