қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2023

Кене энцефалитіне қарсы екпе

 

2023 жылдың 17 наурызында университеттің Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлері Жаратылыстану-география институтының басшылығымен және оқытушыларымен бірлесе отырып, студенттер арасында кене энцефалитінің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Түсіндірме жұмыстары барысында кене энцефалиті табиғи ошақтық вирустық ауру, орталық нерв жүйесін зақымдайтын, сал ауруына, тіпті өлімге дейін әкелетін, иксод кенелерімен таралатын ауру екені айтылды. Вирус кене шаққан кезде беріледі. Кене энцефалиті ауруының басты белгілері, бұл аурудың ең соңындағы салдары туралы толық ақпарат берілді.


Сондықтан, дала практикасына баратын білім алушылар кене энцефалиті ауруын алдын алу мақсатында ауруға қарсы екпе (вакцинация) алғандары жөн деп айтылды. Кенеге қарсы екпенің кері әсерлері туралы айтылды. Таулы-далалы аймақтарға шығу кезінде жасалатын сақтандыру шараларымен таныстырды. Білім алушылар көп қажетті ақпарат алды.

 

  alt=  

 

  alt=  


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу