қазақша · русский · english
 
 
 
13.03.2023

«Jana Tolqyn» жастар жарысы

 

2023 жылдың 12 наурызында жексенбі күні Алматы қаласының жоғары сынып оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында екінші рет жарыс өткізілді. Жарыстың ұйымдастырушылары «Смелость быть первым» Корпоративтік қоры, Абай атындағы ҚазҰПУ және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ командалары болды.

 

Jana Tolqyn - Алматы қаласындағы бұқаралық спортты қайта жандандыруға және студенттер мен мектеп аудиториясын спортқа барынша тартуға бағытталған жастар жарысы. 200-ге жуық адам 100 және 800 метр қашықтыққа жүгірді. Жарыс дене шынықтыру-жаттығу кешенінің стадионында, Абай даңғылы, 159 мекенжайында өтті. Жарысқа 15 пен 22 жас аралығындағы әуесқой спортшылар қатысты. Қашықтықты бағындырған барлық спортшылар финиш сертификатына ие болды. Жас санаттары бойынша жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу