қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2023

Студенттерге нашақорлық және оның зардаптары туралы айтылды

 

2023 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департаменті, университетіміздің дәрігерлерінің ұймдастыруымен Алматы қаласы Медеу аудандық медициналық-әлеуметтік түзету наркологиялық орталығының нарколог-психиатр дәрігері А.А. Любушкин студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Тарих және құқық институтының студенттеріне «Нашақорлықтың зардаптары» тақырыбында семинар өткізді.

 

Студенттерге психотроптық және есірткілік заттарды пайдаланудың теріс салдары, нашақорлықтың қалыптасу кезеңдері мен белгілері туралы айтылып, бейнеролик көрсетілді.

 

Студенттер «Анаша мен есірткінің айырмашылығы неде?», «Нашақорлық пен токсикоманияның айырмашылығы неде?», «Құрамында есірткі заттары бар қандай дәрілер бар?», «Есірткі заттарды пайдаланғаны, сақтағаны және таратқаны үшін қандай қылмыстық жауапкершілік бар?» деген сұрақтар қойды және жауаптар алды.

 

Бұл дәрісте берілген білім студенттер үшін өте пайдалы және мазмұнды болды. Олар көптеген пайдалы ақпарат алып, ризашылықтарын білдірді.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті


 




Кері оралу