қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2023

«Туберкулез ауруын алдын алу»  семинары


2023 жылғы 10 ақпанда студенттер мен оқытушылар арасында туберкулез ауруының таралуын болдырмау мақсатында «Туберкулез ауруын алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.


Іс-шараға институттың 1,2,3 курс студенттері мен университет оқытушылары қатысты. Семинарда №1 қалалық емхана фтизиатр-дәрігері Г.Г.  Дурманова мен фтизиопульмонология кафедрасының доценті, медицина ғылымының кандидаты А.Г. Исаева және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың  5 курс студенттері қатысушыларға туберкулез ауруын жұқтырудан сақтану және алдын алу жолдары туралы толық ақпарат берді. Жыл сайынғы профилактикалық (флюорографиялық) тексерулердің маңыздылығы атап өтілді. 


Семинар барысында студенттер өздерін қызықтырған «Қанша рет флюорографиядан өтуге болады?», «Туберкулезден толық айығуға болады ма?», «Емделу қанша уақытқа созылады?», «Туберкулез халықтық әдістермен емделе ме?» деген сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Семинар соңында білім алушылар ауа-тамшы жолымен берілетін осы қауіпті аурудың алдын алу бойынша брошюралар алды. 

 

  alt=  

 

  alt=

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент


 

 

 




Кері оралу