қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2017

ҚАЗҰПУ ЖАСТАРЫ АТАҚТЫ КҮЙШІ-КОМПОЗИТОР
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ МҰРАЖАЙЫНДА

       Мұражай әрбір халықтың рухани бай¬лығы, тарихы, салт-дәстүрі, ті-лі, ділі, мәдениеті болып табылады. Қазақтың ұлы күйші-композиторы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің артында қалған жәдігерлерімен танысу мақсатында ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні университетіміздің Студенттер кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен студент-жастарымыз Алматы қаласында орналасқан қазақтың әйгілі күйшінің мемориалдық пәтер-мұражайына саяхат жасады.
      Н.Тілендиевтің мұражайы 2014 жылдың 16 мамырында ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай ашылған болатын. Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Халық қаһарманы». Сонымен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің тікелей ұйымдастыруымен құрылған "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі - қазақ музыкасын халықпен жалғастыратын алтын көпір іспеттес.
Ұлы дарын иесі Н.Тілендиев бес жүзден астам музыкалық шығармалардың, опера мен балеттің авторы және фильмдер мен спектакльдерге музыка жазған.
       Мұражайда жастарымыз тарихи тұлғаның қолданған құнды заттарымен, бүгінде жәдігерге айналған қолдан жазылған партитураларымен танысты, анасы сыйлаған антиквар рояльді, 80-жылдық тарихы бар өнер жауһары «Дариға домбыраны» тамашалады. Бұл саяхат жастарымыздың көңіліне керемет әсер қалдырды.
      Халқымыздың төл мәдениеті мен рухани қазынасынан нәр алған жас ұрпақ болашақта білімді де білікті, отансүйгіш тұлға болып қалыптасуы сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу