қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2022

«Қазіргі таңдағы эмоционалдық қысым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті


2022 жылдың 21 қарашасында «Психологиялық қызмет» орталығының ұйымдастыруымен студенттермен, магистранттармен «Қазіргі таңдағы эмоционалдық қысым» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингті «JJS қарым-қатынас» академиясының негізін қалаушы, халықаралық деңгейдегі тренер, психологтардың менторы, психология ғылымдарының магистрі - Жасұлан Сейткалиев жүргізді.


Тренингтің негізгі мақсаты - студенттерді эмоционалдық қысым ұғымымен және стрессті жеңу жолдарымен таныстыру болды. Тренинг аясында спикер студенттерге: стресс кезіндегі тыныс алу «Квадрат» техникасы, «Белсенді тыңдау» техникасы, артық ойлардан арылу «Стоп» техникасы, Карпман үшбұрышы, тиімді мақсат қою «SMART» техникасы, Эйзенхауэр матрицасы және фрирайтинг сияқты техникалармен таныстырды.


Тренингке қатысқан студенттер мен магистранттар техникаларды орындау барысында өте белсенді қатысты. Қойылған сұрақтарына қажетті жауаптарды алды. Тренинг соңында студенттер іс-шара туралы өз әсерлермен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу