қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2022

Республика күні - барша қазақстандықтардың мерекесі!

 

2022 жылдың 22 қазан күні университетімізде Республика күніне арнайы шара өткізілді. Абай университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Біләлов ұжым мен студенттерді құттықтады. Үздіктердің үздіктері еліміздің жалынды жастарына үлгі тұтарлық тәрбие көрсетіп, шыңдарды бағындырғаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

Іс-шара барысында Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе конкурсында орын алған студенттер және «Цифрлық еріктілер» және Honors College студенттері марапатталды.

 

Мереке аясында «Үркер» театры концерттік қойылымын тарту етті. Көптеген дарынды бишілер өз өнерлерін көрермендерімізге паш етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу